Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында 30 әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысында қоқыс полигонын жоймаған 30 әкімге айыппұл салынды

 Халық үні 23.06.2024 | 20:50
Атырау облысында 30 әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: zakon.kz

Атырау облысында қоқыс полигонын жоймаған 30 әкімге айыппұл салынды, - деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Мансұр Ошурбаевтың айтуынша, Атырау қаласындағы күкіртті сутектің негізгі көзі кәріздік тазарту қондырғылары, «Тухлая балка» мен «Квадрат» булану алаңы болып отыр.

«Атырау облысындағы атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту мақсатында Жол картасы бекітіліп, оған 45 іс-шара енгізілді. Бұл – өңірдегі экология проблемаларын кешенді шешуге бағытталған іс-шара. Бұл жол картасы аясында «Тухлая балка» мен «Квадрат» булану алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атырау қаласының сол жағалауында кәріздік тазарту қондырғысының құрылысы аяқталды», - деді Мансұр Ошурбаев.

Оның сөзінше, аймақтағы тағы бір елеулі мәселелердің бірі - рұқсат етілмеген қоқыс орындары.

«Былтыр рұқсатсыз қоқыс төгілген 100 орын анықталды. Сондай орындардың 95 пайызы жойылды. Полигондарды нашар жойған әр деңгейдегі 30 әкім әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы сомасы 882,4 мың теңге айыппұл салынды», - деді Мансұр Ошурбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама