Қазақстандықтар Грекиядағы аралды өртеп жіберді
Қазір төтенше жағдайға қатысты тексеру жүріп жатыр
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстаннан барған туристер Грекияның Гидра аралында яхтадан отшашу атып, орманның отқа орануына себепкер болғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мәселен, жергілікті БАҚ – Tovima басылымының мәліметінше, 21 маусымда кешке демалушылар жалға алған яхтадан жағалау жаққа отшашу ата бастаған. Осы әрекеттің салдарынан қарағайлы орман жана бастаған. Жалынды сөндіруге өрт сөндірушілер мен еріктілер жұмылдырылған. Жағдай ушыққаннан кейін тіпті ауадан су шашатын тікұшақ та тартылған.
БАҚ ақпаратына сүйенсек, жергілікті әкімшілік өртті ұйымдастырған шетелдіктерді соттап, жазалауға ниетті екенін айтқан. Осы оқиғаға қатысы бар барлық азамат, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталған. Енді олардан оқиғаға қатысты жауап алынбақ. Гидра аралы ауқатты туристерге арналған Грекияның негізгі туризм орталықтарының бірі саналады.
«Қазақстанның туристік әлеуетін 30 жыл мақтағанымыз жетеді». Ғалым туризм неге құрдымға кеткенін айтты. Қазақстан әртістері Қытайда өнер көрсетті.