×

Ақтөбе облысында дельтаплан ұшқышы қаза тапты

Ол өндірістік жұмыстарды орындау барысында апатқа ұшыраған

 Қымбат Елтайқызы 22.06.2024 | 14:35
фото: Halyq Uni

Елімізде «Самғау АГРО» ЖШС ұшу аппараттарымен байланысты екі төтенше жағдай тіркелді. Бірі адам өліміне әкелді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі «Дельтаплан» ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтаплан ұшқышы қаза тапты. Бұл оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді, – дейді Көлік министрлігі.

Бұған қоса, кеше – 21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында «Самғау АГРО» ЖШС-ке тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонды. Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды. Зардап шеккендер жоқ. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралады, – деп толықтырды ведомство.

Иран Президенті тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан кімдер көз жұмғаны белгілі болды. Апатқа ұшыраған Иран президенті тікұшағы: қайғылы оқиғаның тың мән-жайы айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама