Ал екіншісі әлі іздестіріліп жатыр
Бас прокуратура Киевте қазақстандық журналистке жасалған қастандық туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура биылғы 18 маусымда Киевте А.Садықовты өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Украинаның құқық қорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсетіп, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады, деп мәлімдеді ведомство.
Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған қылмысқа қатысы жайлы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады, – дейді мекеме.
Биылғы 21 маусымда А.М.Жақанбаев Қазақстанның ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды.
Ал М.Қаратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды.
Атап өсек, жуырда Киевте қазақстандық оппозициялық журналист Айдос Садықовқа оқ атылған болатын. Президент бұл істі ерекше бақылауға алуға тапсырған еді.
Бас прокуратура Киевте қастандық жасалған қазақстандық журналист туралы мәлімдеме жасады.