Айыпталушы 15 жылға сотталды
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты енесімен жанжалдасып, қызын суға батырып өлтірген Сарыағаш ауданының 22 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Қайғылы оқиға Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, өткен жылдың 10 желтоқсанында Аружан Қ. енесімен жанжалдасып, өз-өзіне қол жұмсауға әрі 3 айлық қызының өмірін қиюға бел буған. Жас ана ауыл шетінде ағып жатқан Келес өзеніне батуды ұйғарған. Ол баласын құшақтаған бойы суға түсіп, өзеннің ортасына жеткен тұста тоқтайды. Су ортасында біраз тұрған әйел өз-өзін өлтіруге батылы жетпеген. Ол өзен жағасына қайта шыққанда баласы өліп қалған.
Баласын өлтіру фактісі бойынша Қ. Аружанға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тергеу ісі аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілді, – делінген хабарламада.
Бұрын соттылығы жоқ болуы әрі толықтай өз ісі үшін өкінгеніне қарамастан, прокурор ең ауыр жазаны сұрады.Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қасым Қалмағамбетов айыптаушы тараппен келісіп, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айыпталушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.