Halyq Uni логотип
×

Астанада 21 жастағы бойжеткен туыстарын тонап кеткен

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 Халық үні 21.06.2024 | 21:38
Астанада 21 жастағы бойжеткен туыстарын тонап кеткен
фото: Halyq Uni

Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, сейфтегі алтын бұйымдарды жоғалғанын айтып шағымданған, деп хабарлады қалалық ПД.

Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтаған.

Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрғаны, сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды. Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып ізін суытқан. Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама