Halyq Uni логотип
×

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысы тікелей эфирде өтетін болды

Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді

 Халық үні 21.06.2024 | 20:50
Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сатыдағы сот отырысы тікелей эфирде өтетін болды
Фото: Астана соты баспасөз қызметі

Жоғарғы сот Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін хабарлады.

«ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті», – делінген хабарламада.

Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. 

Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама