×

Садақшылар Түркиядағы Әлем кубогының финалына шықты

Енді 22 маусымда ел құрамасы финалда Ұлыбритания командасымен бақ сынайды

 

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2024 | 17:47
Фото: Olympic.kz

Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адел Жексенбинова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Әлем кубогның финалына шықты.

Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтын жүлдеге таласады.

Турнирде Қазақстан құрамасы Бразилия, Словения мен Италияның садақшыларын жеңді.

Енді ел құрамасы финалда Ұлыбритания командасымен бақ сынайды.

Бұл сайыс 22 маусымға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама