Halyq Uni логотип
×

Ұлттық спорт түрлерін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу мәселелері талқыланды

Бүгінде оған қазақстандық мұралардың 13 элементі енгізілген

 Динара Амантай 21.06.2024 | 17:00
Ұлттық спорт түрлерін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу мәселелері талқыланды
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

Ұлттық спорт қауымдастығы мен оның құрамына кіретін федерациялардың ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеттің, Туризм және спорт министрлігінің, ұлттық және ат спорты түрлері орталығының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында Ұлттық спорт түрлерін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу мүмкіндігі талқыланды. Бүгінде тізімге Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының 13 элементі енгізілген. Оның 4-еуі ұлттық спорт түрлеріне жатады. Олар – құсбегілік, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және асық ату.

ЮНЕСКО ұлттық спорт түрлерін қолдайды және әр елдің тарихи-мәдени мұрасы мен этникалық ерекшелігін сақтаудың өте маңызды және құнды элементтерінің бірі ретінде қабылдайды. Біз үшін бұл үлкен маңызға ие. Біздің мамандар әлем елдеріндегі аналогтық элементтерге тағы қандай ұқсас түрлері бар екенін бағамдамақ. Айталық, қазақтың дәстүрлі садақ ату спорты ЮНЕСКО тізіміне енгізілген түрік садақ ату шеберлігі әдістері бойынша өткізіледі, – деді ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитет төрағасының орынбасары Рустам Музафаров.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҚР ұлттық спорт түрлерін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама