Командалық есепте Қазақстан жастар құрамасы екінші орын алды
Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогы жарысында Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және екі қола медальді жеңіп алды.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Турнирде Нұрқанат Серікбаев (60 кг) пен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) кубоктың иегері атанса, Мерей Марханбетов (60 кг) мен Аида Тойшыбекова (78 кг) күміс жүлдеге ие болды. Максим Мейрлан (81 кг) мен Есмигүл Құюлова (63 кг) турнирдің қола жүлдегері атанды.
Командалық есепте Қазақстан жастар құрамасы Жапониядан кейін екінші орынды иеленді.
Осы жарысқа Қазақстанның жастар құрамасын Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев, ал қыздар командасын Арсен Хатип пен Нұрбек Мықтыбеков жаттықтырған.