Halyq Uni логотип
×

Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасы Шолпан-Атада оқу-жаттығу жиынын өткізді

Жиын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтті

 Динара Амантай 21.06.2024 | 16:40
Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасы Шолпан-Атада оқу-жаттығу жиынын өткізді
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасы Шолпан Ата қаласында Қырғызстан құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының спортшылары Ыстықкөлде өткен VIII Халықаралық «Қырғызстан бермети» спорт фестиваліне қатысып, қырғыздың Ордо ойыны бойынша жарыстан қола медаль жеңіп алды.

Алдағы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына дәл осы Ордо ойынының енгенін ескерсек, бұл – біз үшін өте маңызды жетістік , - деді асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.

Еске сала кетсек, республикалық асық ату федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Құсбегілік», «Жамбы ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама