×

Ақтөбеде прокурорлар жалған діни пансионаттарды таратты

Мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді

 Динара Амантай 21.06.2024 | 16:30
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе қаласының прокуратурасы балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокурорлар «Актөбе» және «Ақжар» пансионаттары тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделеу барысында тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сонымен қатар олардың жеке істерінде діни жазбалары бар дәптерлердің бар екені анықталды. Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді.

Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни бейімділігі балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталды. Сонымен қатар обьектілерде санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, еңбек заңнамасының талаптары бұзылған. Аталған мекемелер өз қызметін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз іске асырған.

Балалардың тиісті білім алуға, тәрбиеленуге және дер кезінде медициналық көмек алуға құқығы мен бостандығы айтарлықтай бұзылған.

Қазір сот Ақтөбе қаласы прокуратурасының талап-арызы бойынша 2 пансионатты («Актөбе» және «Ақжар») тіркеуден айырып, таратты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама