Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 елдің төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Сенім грамоталарын Қатар мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Жабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада сіздердің мемлекеттеріңізбен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге жетеміз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын! Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін! – деді президент.