×

Рыбакина Berlin Ladies Open WTA 500 турнирін ерте аяқтады

Ол өзін жайсыз сезініп, жарыстан шығатынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2024 | 15:22
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Германияның астанасы – Берлин қаласында өтіп жатқан Berlin Ladies Open WTA 500 турнирінде әлемнің 4-ракеткасы, еліміздің үздік теннисшісі Елена Рыбакина жарыс жолынан шығып қалды. Ол турнирді 1/4 финалда аяқтады.

Ширек финалда отандасымыз Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен ойнап, бірінші сетте (1:3) өзін жайсыз сезінуіне байланысты жарыстан шығатынын айтты. Ол ойынды ары қарай жалғастыра алмады.

Рыбакина Berlin Ladies Open WTA 500 турнирін жақсы бастаған еді. Ол жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, дүниежүзілік рейтингте 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен ойнады. Осыған дейін теннисшілер өзара 4 рет кездесіп, соның бәрінде Рыбакинаның жеңісімен аяқталған болатын. Бұл матчта да Рыбакина қарсыласын жеңген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама