Турнирдің алғашқы ойынында Аргентина Канаданы 2:0 есебімен жеңді
АҚШ-та футболдан XXXXVIII Америка кубогы үшін турнир басталды. Ол Құрама Штаттардың 14 қаласында өтеді.
Турнирге Оңтүстік Америкадан (КОНМЕБОЛ) 10 елдің ұлттық құрамасы, Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні (КОНКАКАФ) мемлекеттерінің 6 командасы қатысады.
Бүгін Астана уақыты бойынша таңертең сағат 05:00-де Америка кубогы үшін турнирдің алғашқы ойыны болды. Онда «А» тобында ойнайтын Аргентина мен Канада елдерінің құрамалары алаңға шықты. Бұл матч 2:0 есебімен Аргентинаның жеңісімен аяқталды.
Кездесуде Альварес пен Мартинес гол салып, өз елдеріне алғашқы жеңісті сыйлады.
Бұл топтағы екінші матч Перу мен Чили арасында өтеді.
Америка кубогы үшін турнирде 4 топқа бөлінген 16 команда ойнайды. Кубоктың финалы 15 шілдеге жоспарланған.
Атап айтқанда, құрамалар мына топқа бөлінген:
Бұл турнир 1910 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол кезде КОНМЕБОЛ елдерінің жарысы ресми түрде атау алған жоқ.
1916 жылы турнир ресми түрдежалауын желбіретті. Сол кезден бері 1975 жылға дейін ол Оңтүстік Америка чемпионаты деген атаумен өткізілді. Содан кейін чемпионаттың атауы Америка кубогы деп өзгерді.
1916 жылдан осы уақытқа дейін Аргентина құрамасы 15 рет жеңімпаз атанып, 14 рет күміс медальге және 5 рет қола жүлдеге ие болды.
Уругвай командасы да 15 рет кубоктың иегері атанды. 6 рет күміс жүлдегер болса, 9 рет қола медальді қанағат тұтты. Бразилия 9 рет кубокты басынан асырса, 12 рет екінші, 7 рет үшінші орынды иеленді.
Парагвайдың футболшылары 1953 және 1979 жылдары үздік атанды. 6 рет күміс медальді, 7 рет қола жүлдегер атағын жеңіп алды.
Чили де кубоктың екі дүркін иегері. Бұл елдің құрамасы 4 рет екінші, 5 рет үшінші орынға ие болды. Перу де 1939 және 1975 жылдары кубоктың иесі болды. Бір мәрте күміс медалист атанды. 8 рет қола жүлдені мойнына тақты.
Колумбия бір рет жеңімпаз атанды. Ол екінші орын да алып көрді. Сонымен бірге Америка кубогының 8 дүркін қола жүлдегер атағын да алды. Боливия да кубоктан құралақан қалған емес. Бұл мемлекеттің ұлттық құрамасы 1963 жылы кубоктың иегері болса, тағы бір рет күміс медальді иеленді.
Мексика мен Гондурас бір де бір рет кубоктың иегері болған жоқ. Бірақ мексикалықтар 2 рет күміс жүлдені, 3 рет қола медальге ие болды. Гондурас болса өз тарихында жалғыз қола жүлдені қанағат етіп келеді.
2021 жылы Америка кубогын Аргентина құрамасы жеңіп алды. Олар финалда Бразлияны 1:0 есебімен жеңді.
Енді биылдан бастап турнир төрт жылда бір рет өткізелетін болып шешілді. Келесі жарыс 2028 жылы болады.