Halyq Uni логотип
×

Ертең елордада дәстүрлі жәрмеңке басталады

Оған Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады

 Еркеғали Болатұлы 21.06.2024 | 14:50
Ертең елордада дәстүрлі жәрмеңке басталады
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Астанада қала мен ел өңірлері тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жәрмеңке елорданың Сарыарқа ауданындағы Б. Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан. Оған ертең Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.

Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін (көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және т.б.) ұсынады.

Айта кетсек, бұл дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама