Қылмыстық істі тергеу барысы ерекше бақылауға алынды
Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовқа қастандық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылған. Топ қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді.
Кеше Қазақстанның Бас прокуроры Украина Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.
Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Киевте қазақстандық оппозициялық журналист Айдос Садықовқа оқ атылған болатын. Бұл іске қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық арналар арқылы ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма берген болатын.