×

Алматыға ҰҚШҰ СІМ басшылары жиналды

Отырыста халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланады

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2024 | 12:03
Фото: asiaplustj.info

Бүгін Алматыда еліміздің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер ведомствосының басшыларын премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қарсы алды.

Отырыста халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасының басымдықтарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру талқыланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама