Алматыға ҰҚШҰ СІМ басшылары жиналды
Отырыста халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланады
Бүгін Алматыда еліміздің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер ведомствосының басшыларын премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қарсы алды.
Отырыста халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасының басымдықтарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру талқыланады.