×

Шахмат федерациясы Қазыбек Нөгербекке автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Оның кілтін ұйымның президенті Тимур Турлов табыс етті

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2024 | 10:39
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Алматыда шахматтан өткен XXVI Азия чемпионаты аяқталды.

Бұл жарыста еліміз 12 алтын медаль жеңіп алды. Қалған алтын жүлдені Қытай, Үндістан, Иран мен Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) атынан қатысқан Ресейдің өкілдері иеленді. Алматыда барлығы 25 адам жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанды.

Осы чемпионатта Қазақстан шахмат федерациясы жақында Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке электрокар сыйлады. Оның кілтін Азия чемпионатының жабылу салтанатында ұйымның президенті Тимур Турлов табыс етті.

Қазыбек Нөгербек әлем чемпионатында классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір оның FIDE-дегі рейтингі – 2501.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама