×

Көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды

Ол шекара бекетінің маңында ұсталды

 Динара Амантай 21.06.2024 | 09:12
Фото: Depositphotos

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының соты көлігіне жалған нөмір таққан жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, биыл 29 мамырда айыпталушы Аят шекара бекетінің жанында Huyndai маркалы көлікке жалған мемлекеттік нөмір тағып алып жүрген. 14 жасқа дейінгі балаларының болуына байланысты оның іс-әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлімінен 4-1-бөліміне қайта өзгертілді.

Сот қаулысымен П. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған көлік басқару құқығынан айыра отырып, 147 680 теңге айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама