Halyq Uni логотип
×

«Төбелес болған»: Айгүл Сайлыбаеваның денесінен пышақ іздері табылды

Әйелге шабуыл жасалған және ол өзін қорғауға тырысқан

 Халық үні 20.06.2024 | 19:58
«Төбелес болған»: Айгүл Сайлыбаеваның денесінен пышақ іздері табылды
Фото: https://t.me/BILD_Russian/

Германияда өлі табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды, деп хабарлады Kazinform.

40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуімен, қызымен және қайын енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең А.Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарды. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі пластик қапшықтан табылды.

BILD Telegram арнасының хабарлауынша, марқұмның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары болған.

Біз төбелес болған деп пайымдаймыз, әйелге шабуыл жасалған және ол өзін қорғауға тырысқан, - деді тергеуші.

Прокуратура BILD сауалына берген жауабында бұл іс бойынша бірде-бір күдікті жоқ екенін айтқан. А.Сайлыбаевамен бір мезгілде Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны ешкім көрмеген. Қазір Жаклин әкесімен бірге тұрып жатыр. Қазақстаннан Германияға марқұмның 35 жастағы інісі Қанат Сайлыбаев келді. Ол әпкесін Қазақстанда жерлегісі келетінін айтты.

Біз өте тығыз қарым-қатынаста болдық, уайымдадық. Айгүл әдетте хабарламаларға бес минутта жауап беретін. Ата-анамыз Айгүлмен күн сайын хабарласып тұрды, соңғы рет 3 маусымда телефонмен сөйлесті. 5 маусымда біз полицияға хабарладық. Айгүл өте ашық және жанашыр адам болды. Ол бәрінен де қызын жақсы көрді және сүйікті ана болды. Айгүлдің өліміне кінәлі адам әділ жаза аларына және әділдік орнайтынына сенемін, - дейді Қанат Сайлыбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама