×

Полицейлер кикбокстингтен әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Саят Тұрысбеков пен Нұрсұлтан Жақыпов құрмет сатысынан көрінді

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2024 | 17:42
Фото: polisia.kz

Абай облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Саят Тұрысбеков күміс медаль жеңіп алды. Ол 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Саят Тұрысбеков – кикбоксингтен екі дүркін әлем және Азия чемпионы. Ішкі істер органдарында 2021 жылдан бастап жұмыс істейді.

Сонымен қатар 86 келі салмақта өнер көрсеткен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов қола жүлдеге ие болды.

Жарысқа 50 елден 750-ге жуық спортшы қатысқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама