Ол ел намысын жалғыз өзі қорғайды
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Елжаңа Таниева Италияның Милан қаласында өтетін Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.
Бұл жарыс 21-23 маусым аралығында өтеді. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды.
Елжаңа Таниева биылғы Олимпиадада өнер көрсетеді. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын.
Таниева ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.