Halyq Uni логотип
×

Алматыда тағы да жер сілкінді

Эпицентрі Қытай аумағында орналасқан

 Динара Амантай 20.06.2024 | 17:04
Алматыда тағы да жер сілкінді
Фото: Halyq Uni

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін 16 сағат 36 минут 7 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары: 40.227 солтүстік ендік, 77.569 шығыс бойлық.

Жер сілкінісі ошағы Қытай аумағында6 Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335-шақырымында орналасқан.

Қарқындылығы: Алматы қаласында 2.0 балл сезілді.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда сағат 17:09-да бір жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама