×

Онкологиялық орталық құрал-жабдықтарды 1,5 млрд теңгеге жалға алып отыр

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 25 маусымға дейін жалғасады

 Еркеғали Болатұлы 20.06.2024 | 14:40
фото: opennews.kz

Қызылорда облыстық онкологиялық диспансер 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржыға медициналық құрал-жабдықтарды жалға алуға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы КазТАГ хабарлады.

Тапсырыс беруші – Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы ҚМҚ.

  • Атауы – арнайы техниканы жалға беру бойынша қызметтер;
  • Қосымша сипаттама – медициналық техниканы жалға алу;
  • Жоспарланған сома – 1,47 млрд теңге», – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 18 маусымда басталған, 25 маусымға дейін жалғасады.

«Техникалық ерекшелікке сәйкес, біз медициналық желілік электронды үдеткішті жалға алу туралы айтып отырмыз», – делінген орталық хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама