Halyq Uni логотип
×

Президент Қайрат Сарыбайды қабылдады

Мемлекет басшысына АӨСШК аясында ұсынылған бастамалардың іске асырылуы баяндалды

 Динара Амантай 20.06.2024 | 14:00
Президент Қайрат Сарыбайды қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай президентке форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстанның айтарлықтай белсенділік танытып отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-тің тұрақты құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және оның географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды.

Кездесу соңында президент Кеңес хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атсалыса беретінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама