Осындай 12 бекет анықталған
Қоғамдық бақылау жүргізумен айналысатын «Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласы филиалы елордада тұрғын үйлерге жақын орналасқан 12 газ құю бекетін анықтаған. Мұндай бекеттердің үйлерге жақын орналасуы заңға қайшы әрі тұрғындарға қауіпті. Жарылыс бола қалса, тіпті қиын.
Қаладағы заңсыз орналасқан сондай газ құю бекеттерінің тізімін қоғамдық мониторинг жүргізген филиал басшысы Дархан Құлжамбеков әлеуметтік парақшасында жариялады:
Анықталған заңбұзушылықтар негізінде қоғамдық ұйым аталған бекеттердің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңнама талаптарына және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен мемлекеттік органдарға хабарласқан. Тексеру нәтижесінде газ құю бекеттерінің иелеріне бекеттерді заң нормаларына сәйкестендіру қажеттігі туралы ескертулер берілген.
Бүгінде анықталған 12 бекеттің үшеуі бұзылған, біреуі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріліп, тағы бірінің қызметі тоқтатылған. Қалғандары бойынша материалдар сотқа тапсыру үшін дайындалып жатыр.