×

Астанада заңсыз орналасқан газ құю бекеттері бұзылып жатыр

Осындай 12 бекет анықталған

 Ербол Тұрымбет 20.06.2024 | 13:45
фото: foto.imghub.ru

Қоғамдық бақылау жүргізумен айналысатын «Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласы филиалы елордада тұрғын үйлерге жақын орналасқан 12 газ құю бекетін анықтаған. Мұндай бекеттердің үйлерге жақын орналасуы заңға қайшы әрі тұрғындарға қауіпті. Жарылыс бола қалса, тіпті қиын.

Қаладағы заңсыз орналасқан сондай газ құю бекеттерінің тізімін қоғамдық мониторинг жүргізген филиал басшысы Дархан Құлжамбеков әлеуметтік парақшасында жариялады: 

  • «ГАЗОЙЛ» газ басқармасы» ЖШС (Бейсеков к-сі, 4/2, базар аумағы);
  • «Автогаз» ЖК (Пушкин к-сі, 33);
  • «Автогаз» ЖК (Абылай хан даңғылы, «Тазалық» автожуу орнының аумағы);
  • Gaz Drive ЖШС (Көктал к-сі, 1/4, кәсіпорын аумағы);
  • Gaz Drive ЖШС (Ақжол даңғылы, 115, Сороковая станциясы);
  • «Астана газ компаниясы» ЖШС (Н.Тілендиев даңғылы, 3/3, «Қазмұнайтас» ЖҚС аумағы);
  • Hunter AGZS ЖШС (Алаш к-сі, 42, Eikos Tire Center сауда кешенінің аумағы);
  • Astana Gas Company ЖШС (Шарбақты к-сі, 12KZ, «Фаворит» өндірістік кәсіпорнының аумағы);
  • «БРГАС» ЖК (Алаш тас жолы, 21/1 (23/1));
  • Сейданов Н.С. ЖК (Қорғалжын тасжолы, 58);
  • ARSEN 09 ЖШС (Көкжелек к-сі, 1/1, YOil ЖҚС аумағы), заңды мекенжайы Н.Тілендиев даңғылы, 48;
  • ARSEN 09 ЖШС (Ақжол даңғылы, 86, YOil ЖҚС аумағы).

Анықталған заңбұзушылықтар негізінде қоғамдық ұйым аталған бекеттердің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңнама талаптарына және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішпен мемлекеттік органдарға хабарласқан. Тексеру нәтижесінде газ құю бекеттерінің иелеріне бекеттерді заң нормаларына сәйкестендіру қажеттігі туралы ескертулер берілген.

Бүгінде анықталған 12 бекеттің үшеуі бұзылған, біреуі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріліп, тағы бірінің қызметі тоқтатылған. Қалғандары бойынша материалдар сотқа тапсыру үшін дайындалып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама