Бұл кейбір ұйымдардың лицензиясын қолдануды тоқтата тұрғаннан кейін мүмкін болды
Елімізде бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 сәуірден бастап 1,7 млрд теңге үнемделген. Тарифті төмендету ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері 2024 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясымен жабдықтау қызметтеріне реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясын қолдануды тоқтата тұрғаннан кейін мүмкін болды.
Бүгінде тұтынушылардың кепілдік беретін жеткізушілерге өту процесі жүріп жатыр. Бұл кепілдік беретін жеткізушілердің көрсететін қызметтер көлемінің ұлғаюына, сәйкесінше еліміздің 13 өңірінде тарифтердің төмендеуіне ықпал етті.
Жалпы, атқарылған іс-шаралардың арқасында 129 060 шағын және орта бизнес субъектісі 1,7 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеді.
Айта кетсек, өңірлердегі тарифтердің айырмашылығы электрмен жабдықтаудағы әртүрлі схеманың болуымен және Бірыңғай сатып алушының сату бағасы мен сатып алынған электр энергиясына, электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығына, энергия беруші және өткізу ұйымдарының тарифтеріне, жеткізілетін электр энергиясының көлеміне және басқа да тариф құрылымына байланысты түсіндіріледі.
Тұтынушыларға арналған тарифтердің деңгейі де дифференциацияға байланысты. Бұл ретте, еліміздің өңірлеріндегі тұрғындар үшін тарифтер деңгейі өзіндік құннан төмен болып белгіленді.
Жалпы, жүргізілген жұмыстың нәтижелері ШОБ субъектілерін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде қолдауға мүмкіндік береді. Бұл шағын және орта бизнес субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді өткізу кезіндегі шығындарын төмендетуде халыққа жанама оң әсерін тигізді.
Анықтама үшін: