Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін Маңғыстау облысының әкімі болған. Ал бұрынғы елші Асқар Тәжібаев лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті Жанна Сартбаева атқарған болатын. Президент Жарлығымен ол да лауазымынан босатылды.