×

Зейнетақы қорындағы жинақты алуға көмектесуге уәде берген алаяқ сотталды

Сотталушы кінәсін мойындап, тағылған айыппен толығымен келісетінін мәлімдеді

 Динара Амантай 20.06.2024 | 11:38
Фото: Depositphotos

Ақтөбе қаласының №2 сотында алаяқтықпен айналысқан тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2023 жылдың қазанында сотталушы өзінің танысына хабарласып, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшасын зейнет жасына және белгіленген шекке жетпесе де белгілі бөлшемін алып бере алатын мүмкіндігі бар екендігін айтып, оған көрсеткен қызметі үшін ақы және алдын ала төлем ретінде 10%-ын алатындығын айтқан.

Танысы оның сөзіне сеніп, өзіне бұрын-соңды таныс емес адамға біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшасын алып бере алатын таныстары бар екенін айтқан. Ол оның сөзіне сеніп, өзінің біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 1 млн теңгесін шешіп алатын болып, Kaspi Bank АҚ-ның есепшотына 100 мың теңгені аударған.

Дәл осындай алаяқтық жолымен сотталушы 17 эпизод бойынша жәбірленушілерге 9 млн теңгеден астам шығын келтірді. Ол кінәсін мойындап, тағылған айыппен толығымен келісетінін мәлімдеді.

Сотталушының қылмыстық іс-әрекеті жәбірленушілердің жауаптарымен және сотқа дейінгі тергеу кезінде жинақталған басқа да дәлелдемелер жиынтығымен толық расталды.

Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін М. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы талап арыздары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама