Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да 75 лудоман-борышкер онлайн құмар ойындарға өз еркімен шектеу қойды

Олар букмекерлік кеңсеге 100 млн теңге аударған

 Динара Амантай 20.06.2024 | 11:05
ШҚО-да 75 лудоман-борышкер онлайн құмар ойындарға өз еркімен шектеу қойды
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында 98 балаға жалпы 84 млн теңге қарызы бар алимент төлеуден жалтарған 75 әке соңғы 3 жылда букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам ақшаны қайтарымсыз аударған.

Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойынға бәс тігіп, ұтылған.

Талдау нәтижелері бойынша оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.

Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.

Құмар ойынға бәс тігетіндер туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.

Бүгінде алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама