Жаңа бағыттарды құру мүмкіндіктері талқыланды
Кеше Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қытай елшілігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кездесу барысында тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты кеңейту және тау-кен өнеркәсібінде жаңа бағыттарды құру мүмкіндіктері талқыланды. Екі тарап ашық ынтымақтастық, инновациялық даму және өзара тиімділік қағидаттарын ұстануға келісті. Олар үйлестіруді жақсартуды, жасыл дамуды және энергетикалық трансформацияны жеделдетуді, тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтауды және екіжақты қарым-қатынастардың сапалы дамуын ынталандыруды жоспарлап отыр.
Министр елдер арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, ҚХР-дың Қазақстанның халықаралық аренадағы серіктесі ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
ҚХР елшісі Чжан Сяо кездесу үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы бірлескен күш-жігерге кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары, өнеркәсіптік ұйымдар және тағы басқалары арасындағы қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға жәрдемдесу, ынтымақтастық әлеуетін зерделеу, үздік тәжірибелер алмасу және тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастықты арттыру кіретінін атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығына тоқталды.