Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр
Шымкентте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тонна болатын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі тәркіледі: Оның 20 келісі синтетикалық есірткі болған.