Елімізде 2,3 млн зейнеткер бар
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, базалық зейнетақы төлеуге 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 61,8 млрд теңге бағытталған.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 383 мың адам.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 132 401 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.