×

Арман Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Оның қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2024 | 09:29
Фото: gov.kz/ Ұлттық экономика министрлігі

Үкімет қаулысымен Арман Қасенов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Арман Бақытжанұлы 1981 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) «қаржы» мамандығы бойынша магистратурада оқыған. Сондай-ақ Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылы қаржы секторында бастаған. Қаржы, инвестициялық жобалар және бизнес саласында басшылық лауазымдарда 20 жылдық тәжірибесі бар.

2009 жылдан бастап Қазақстанның ірі жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды.

2023 жылдан қазірге дейін Qazaqstan Investment Corporation АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама