20 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауып, оңтүстігінде дауыл күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Еліміздің батысында, шығысында, орталығында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауып, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Ұлытау, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының теңіз жағалауында, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.