«Көзімнің оты жарқ етті»: «Меломен» тобы әншісінің бұрынғы әйелі ажырасуға нақты не себеп болғанын айтты

Халық үні

Мерген — үш баласы бар жалғызбасты әке.

Фото: astanatv.kz

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаевтың бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген «By production» youtube-арнасына берген сұхбатында күйеуімен ажырасу себебін айтып, сырын ақтарды.

Оның айтуынша, ойының өзгеруіне коуч, психолог Роза Әшірбаева әсер еткен.

«Ол кезде Роза Әшірбаева әлеуметтік желіде қазіргідей белсенді емес, бірақ оқитынмын. Үш жыл бұрын бір курсы болды. Соны сатып алдым. Курсты оқыған соң «Құрбан-құтқарушы-абьюзер» рөлдерінде жүргенімді түсіндім. Сосын үш балама күтуші алып, өзім ақшасын төледім. Себебі блог жүргізуім керек, онлайн дүкенім бар, бір жағы өз-өзімді қолға алғым келді. Білесіз бе, далада жай ғана жалғыз өзім жүргім келді. Осы күй маған қатты керек болды. Кейін бала күтушіні бірге қасыма тұрғыздық. Үйге келемін, тамақ бәрі дайын, асханаға араласпай кеттім. Себебі энергиям асханаға жетпейді, басқа нәрселер жасап жүрмін. Кейін білім алып, ізденісте жүрдім, бұрынғы қалпыма қайта келе бастадым», – деп жазды Нұрила Ақберген.

Сондай-ақ, ол экс-күйеуімен психологқа бірге барғанын айтты.

«Мені Ғабит уағыздармен, дінмен басып тастайтын. Сосын «онымен бірге болғанда мен қаншалықты бақыттымын, балалар бақытты ма, қаншалықты осы өмірге сен шыдай аласың» деп сұрақ қойдым. Содан кейін ажырасу деген шешімге келдім. Былайша айтқанда, түсінігіміз екі түрлі болды. Екеуміз психологқа бірге бардық. Сол кезде Ғабитке психолог «әйелің саған меншік емес» деп айтты. Ойлаңызшы, өмірімде біреу оған солай айтып тұр. Көзім жарқ ете қалды. Кейін ажырасып кеттік», – деді ол.