×

Алматыдан 511 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Сейсмологтардың мәліметінше, бүгін, 19 маусым күні сағат 17:09-да жер сілкінісі тіркелген.

 Халық үні 19.06.2024 | 20:42
Фото: istockphoto.com

Алматыдан 511 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, бүгін, 19 маусым күні сағат 17:09-да жер сілкінісі тіркелген.

«ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19.06. Астана қаласының уақыты бойынша 17 сағат 09 мин 42 сек жер сілкінісін тіркеді», – деп хабарлайды Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.

«Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің 101 және 112 телефондарына жер сілкінісі, зардап шеккендер және қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз», – деп мәлімдеді ТЖД.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама