Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптап ыстықтың беті қайтады

Фото: meteovesti.ru

«Қазгидромет» РМК 20-22 маусымға ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптап ыстықтың беті қайтады, 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады, найзағай, кейбір аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл болжанады. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа райы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды.