Halyq Uni логотип
×

Павлодарда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірқатар бұзушылық анықталды

Мемлекеттік инспекторлар, көбіне бақылауындағы субъектілерді қолдаумен айналысқан

 Динара Амантай 19.06.2024 | 16:34
Павлодарда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бірқатар бұзушылық анықталды
Фото: Павлодар обл, прокуратурасының баспасөз қызметі

Павлодар облысы прокурорының төрағалығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік жарақаттану мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырысқа өңірдің қала құраушы кәсіпорындарының басшылары қатысты. Жүйелі бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар анықталды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мұнай-химия, тау-кен өндіру салаларындағы жобаларды заңсыз келіскен. Кейбір жағдайда заңсыз жұмыс істейтін қауіпті объектілер бойынша әрекетсіздік танытқан. Еңбек басқармасының жазатайым оқиғалар бойынша жүргізген тергеулері сапасыз болып, жазатайым оқиғалар болған зауыттар кейін бақылаудан тыс қалған.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекторлар көбіне бақылауындағы субъектілерді қолдаумен айналысқан.

Дәлелденген фактілер бойынша прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің пара алу және салғырттық сияқты баптары бойынша лауазымды адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал полиция органдары 3 жыл ішінде Қылмыстық кодекстің 156-бабы («Еңбек қорғау ережелерін бұзу») бойынша 63 қылмыстық істің ішінен екеуін ғана сотқа жолдаған. Бұл атқарылып жатқан жұмыс тиімділігінің төмен екенін көрсетеді.

Талқылау қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесінің шешіміне қарастырылып отырған салалардағы жағдайды жақсарту, сондай-ақ прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау бойынша бірлескен әрекеттер кешені енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама