Halyq Uni логотип
×

Агроөнеркәсіптік кешеннің 12 бағыты бойынша жеңілдікпен бюджеттік несие алуға болады

Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млрд теңгеге дейін

 Динара Амантай 19.06.2024 | 15:41
Агроөнеркәсіптік кешеннің 12 бағыты бойынша жеңілдікпен бюджеттік несие алуға болады
Фото: Halyq Uni

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру, жаңа өндірістік қуаттарды құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, саланың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешені саласындағы жобаларды несиелендіру ережесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өзгерістер 12 бағыт бойынша жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруды қамтиды. Олардың қатарында сүт-тауар фермаларын, ет бағытындағы құс фабрикаларын, ет шаруашылығы кәсіпорындарын, көкөніс қоймаларын құру жобалары бар.

Сондай-ақ қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, суармалы егіншілікті дамыту, өнеркәсіптік жылыжай кешендері, жеміс қоймалары, балық шаруашылығы, балық өңдеу зауыттары, құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлары, ауыл шаруашылығы өнімдерін одан әрі терең өңдеу және сақтау кәсіпорындары, оның ішінде жүн және тері, қаптама материалдарын өндіру салалары да мемлекеттік қолдауға ие болады.

Кәсіпкерлер 10 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие қаражатын пайдалана отырып, өз жобаларын іске асыра алады. Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млрд теңгеге дейін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама