Ақтөбе облысында білім бөлімінің басшысы ұсталды – Антикор (ВИДЕО)
Лауазым иесі 18,5 млн теңге пара алған деген дерек бар
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы білім бөлімінің басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді. Қазір өңір бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазым иесіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ол ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша көмектесуге уәде беріп, олардан 18,5 млн теңге пара алған деген дерек бар.
Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.