×

Қостанай тұқымы жылқысының республикалық ат жарысы өтеді

Жалпы жүлде қоры – 19 млн теңге

 Динара Амантай 19.06.2024 | 12:35
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Қостанай облысына қарасты Заречный ауылында «Арғымақ» ипподромында Қостанай тұқымы жылқылары арасында әртүрлі қашықтыққа ауқымды республикалық ат жарысы өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бәйгені Қостанай облысы әкімдігінің, Qazaq Jockey Club, Республикалық Бәйге федерациясының қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктестер – Туризм және спорт министрлігі және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Жалпы жүлде қоры – 19 млн теңге және бұл жүлде барша жеңімпазға (I, II, III орындар) бөлініп беріледі.

Сайыс бес қашықтық бойынша өтеді:

  1. Классикалық Ұшқыр бәйге (1 200 метр);
  2. Классикалық Ұшқыр бәйге (2 000 метр);
  3. Классикалық Ұшқыр бәйге (2 400 метр);
  4. Құнан бәйге (7 000 метр);
  5. Аламан бәйге (20 000 метр).

Еске сала кетсек, қостанай тұқымы жылқыларының ат жарысы тұрақты түрде 2022 жылдан бері үшінші рет ұйымдастырылмақ.

Былтыр Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Сенат депутаттары Қостанай жылқы тұқымын сақтау және өсімін көбейту туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Заңды Парламенті Мәжілісі мақұлдады. Қостанай жылқысы – ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін кеңінен қолданылатын жалғыз спорттық бағыттағы қазақтың асыл тұқымды жылқысы, - деді Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев.

Бәйге 2024 жылдың 23 маусымында сағат 11:00-де басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама