×

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Өткен жылдың басынан бері 38 ғимарат бұзылған

 Динара Амантай 19.06.2024 | 11:55
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматының тау бөктеріндегі заңсыз 3 нысан сот шешімімен бұзылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, ғимараттар Көлсай шағын ауданында тиісті рұқсат құжаттарынсыз салынған. Осыған байланысты қала құрылысын бақылау басқармасы Медеу аудандық сотына сүру туралы талап арыз берді. Сот шешімі талапты қанағаттандырып, меншік иесі ерікті түрде нысандарды бұзуға кірісті.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 38 заңсыз нысан бұзылған. Оның ішінде «Мечта», KHAN, «Граф», «Алма Гарден» тұрғын үй кешені және тағы басқалары бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама