×

ШҚО-да «Сергек» жобасын іске қосатын компанияға 238 млн теңге заңсыз төленген

Прокуратура қадағалау актісін енгізді

 Динара Амантай 19.06.2024 | 10:47
Фото: khabar.kz

ШҚО прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекет кірісіне 238 миллион теңге қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокурорлар «Сергек» жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнаманың сақталуын тексерді. Оның барысында аталған жоба аясында мемлекеттің «Көркем-Телеком» ЖШС-мен 7 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Тексеру кезінде мемлекеттік қаражатты заңсыз төлеу фактілері анықталды. Соның салдарынан жобаның құны негізсіз 238 млн теңгеге өскен.

Прокуратураның енгізілген қадағалау актісі негізінде ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы негізсіз төленген шығындарды өндіру туралы талап-арыз берді. Сот шешімімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылып, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот актісін күшінде қалдырды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот шешіміне сәйкес, «Көркем-Телеком» ЖШС 238 млн теңге мемлекет кірісіне қайтарды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама