Биыл балабақшадан мектепке 400 мыңға жуық бала баратын болды

Динара Амантай

Елде 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді

Фото: Halyq Uni

Биыл 396 093 бала мектепке дейінгі ұйымдарынан мектепке аттанады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1 млн-нан астам баланы қамтитын 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Биыл мектепке дейінгі дайындықты 396 093 бала аяқтайды.

Балалардың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 10,3 мың орынға арналған 149 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жыл соңына дейін 77,4 мың жаңа орын іске қосылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін мектепке дейінгі ұйымдардан мыңнан аса педагогтің біліктілікті арттыру курстарынан өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ 3-4 шілдеде елордада ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты балабақшалар жұмыс істемейді.