×

Астана тұрғыны 30 тонналық ұшақты орнынан қозғап, рекорд жаңартты (ВИДЕО)

Ішкі істер министрлігінің қызметкері Бауыржан Қамалиев әскери техниканы 10 метрге дейін сүйреп шығарады

 Дастан Жұмабекұлы 19.06.2024 | 10:01
Фото: Almaty.tv

Астана қаласының тұрғыны, Ішкі істер министрлігінің қызметкері Бауыржан Қамалиев 30 тонналық МИ-17 ұшағын орнынан қозғап, рекорд жаңартты. Бұл – оның бесінші әлемдік рекорды, деп хабарлады Almaty.tv.

Күштік экстриммен айналысатын ІІМ қызметкері әскери техниканы 10 метрге дейін сүйреп шығарады. Бұған дейін ол локомотив тарту бойынша әлемдік рекордты жаңартқан болатын.

«Не бел кетеді, не белбеу кетеді» деген. Қиын, әрине. Пендеміз ғой, қолымнан келгенше тарттым, – деді ІІМ Әскери-тергеу департаментінің қызметкері Бауыржан Қамалиев.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында өткен іс-шараға БАҚ өкілдері де арнайы шақыртылды. Олар Ұлттық ұланның авиация базасында болып, әуе көліктерінің қызметімен танысты. Жаңадан ашылған нысан Астана халықаралық әуежайына іргелес орналасқан. Кешен 33 мың гектар аумақты алып жатыр.

3656 әскери бөлімінің аға технигі Әлібек Малғаждаровтың айтуынша, Ұлттық ұланның авиациясы базасының басты қызметі – орта және алыс қашықтықтағы қалаларға ұшақпен жүк тасымалдау. Ұлттық ұлан су тасқыны кезінде халыққа көмекке келіп, құтқару жұмысына да атсалысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама