×

СҚО, Қарағанды облысындағы су қоймалары лық толы

Оларға жиналған су ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалануға жіберіледі

 Динара Амантай 19.06.2024 | 09:38
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздегі су қоймаларындағы жағдайға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, екі өңірдегі су қоймалары 100 пайызға жуық толған.

Атап айтқанда:

  • Батыс Қазақстан облысындағы 4 ірі су қоймасы 91% толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
  • Ақмола облысындағы 2 ірі су қоймасы 97,4% толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.
  • Ақтөбе облысында 2 ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.
  • Шығыс Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші – 92,6%.
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы – 91% толы.
  • Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы – 99% толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан биыл Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су алатынын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама